17 наурыз 2017 10:59

Головкин МакГрегормен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fansided.com © fansided.com

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) MMA жұлдызы Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Fightnews.com.


WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) MMA жұлдызы Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Fightnews.com.

Қазақстандық боксшының айтуынша, ол мұндай жекпе-жектерді маңызды деп санамайды. Сондай-ақ, Головкин өзінің шоумен емес, нағыз боксшы екенін айтып өтті. "Мен спортты құрметтеймін және байсалды адаммын. Нағыз боксты көргілеріңіз келе ме? Онда сенбіде өтетін бокс кешіне келіңіздер", - деді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, осыған дейін Флойд Мейвезер МакГрегорормен жекпе-жек өткізу үшін мансап жолын жаңартатынын ресми түрде мәлімдеген еді. Америкалық боксшы маусым айында кездесу өткізгісі келетінін айтып, ирландиялық боксшыны келісімшарт жасасуға шақырған еді.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 19 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети