24 маусым 2017 16:22

Головкин мансабын аяқтаған жағдайда орнына кім келуі мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын. 35 жастағы орта салмақтағы боксшы кәсіпқой бокста 11 жылдан аса уақыт өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған еді.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын. 35 жастағы орта салмақтағы боксшы кәсіпқой бокста 11 жылдан аса уақыт өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған еді.

GGG бокстан кететін болса, қазақстандық кәсіпқой боксшылардың қайсысы оның орнын басуы мүмкін? Кәсіпқой бокста үміткерлер көп, дегенмен олар мұны іспен дәлелдеуі керек, -  деп жазады Vesti.kz.

ҮМІТКЕРЛЕР:

Батыр Жүкембаев  (9-0-0, 8 КО).

25 жастағы боксшы бірінші орта салмақта жұдырықтасады. Жақында ол үлкен жекпе-жектер өткізеді. 

Әли Ахмедов (6-0-0, 5 КО).

21 жастағы жартылай ауыр салмақтағы боксшы жеткілікті танымал боксшылардыі бірі. Оның еңбекқорлығы биыл осы салмақтағы үздік он боксшының рейтингінде көш бастауға көмек береді.

Жәнібек Әлімханұлы (1-0-0, 1 КО).

Осы тізімдегі тағы бір жартылай салмақтағы боксшылардың бірі. 2013 жылы өткен әлем чемпионатында үлкен жетістіктерге жетті. 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының лидері болуы мүмкін, бірақ оған өзінің кәсіпқой бокстағы рейтингін жоғарылатуға ешкім кедергі келтірмейді. Головкин бокстан кеткен жағдайда Әлімханұлы чемпион деңгейіне көтерілуі мүмкін.

Фавориттер:

Жанат Жақиянов (27-1-0, 18 КО).

WBA (Super) тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы чемпион біріккен жекпе-жек өткізуге дайын. Оның жасы қазір 33-те, бірақ тәжірибелі Жақиянов өзінің салмақ деңгейінде мықты қарсыластармен кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы ұлыбританиялық Райан Барнеттен IBF белбеуін тартып алса, оған барлығы баға береді.

Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) 

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Исламды да осы тізімге қосуды жөн көрдік. Ол осымен бесінші жыл кәсіпқой бокста кездесулер өткізіп жүр.

Елімізде кәсіпқой бокста 50-ден аса боксшы бар. Әрине, олардың әрқайсысы бокстан әлем чемпионы атанып, жұлдыз болғысы келеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін бокспен қош айтысуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. "Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. 30-темін, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі", - деген еді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети