25 сәуір 2018 17:29

Головкин Мартиросянды алғашқы раундтарда құлатпаса, жағдайы қиын болуы мүмкін - Мадияр Әшкеев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Main Events Boxing © Main Events Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Головкин-Мартиросян арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Qsport.kz порталына сілтеме жасап.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Головкин-Мартиросян арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Qsport.kz порталына сілтеме жасап.

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Мадияр Әшкеев Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жектің тартысты өтетінін айтып, GGG қарсыласын алғашқы раундтарда нокаутқа жібермесе қиын болатынын жеткізді. 

"Ванесті Головкинге лайықты қарсылас емес деп айту қате. Өйткені, әр боксшы шаршы алаңға шыққанда тек жеңіске жету үшін шығады. Сондықтан Мартиросян отандасымызға әбден лайықты қарсылас және біршама қиындықтар да туғызуы мүмкін. Ванестің біраз жекпе-жектерін көрдім. Ол тек жеңіліп көрмеген, өте тәжірибелі боксшыларға ғана есе жіберді. Тіпті, Ларамен өткізген жекпе-жегінде жеңілмеді деуге де болады. Головкин алғашқы раунда құлатпаса, жекпе-жек қиынға соғуы мүмкін. Дегенмен отандасымыздың жеңісіне сенімдіміз және қолдау көрсету үшін арнайы барамыз", - деді Мадияр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 KO) арасындағы кездесу 5 мамыр күні Карсон қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешешінде өтеді. Негізі отандасымыз бұл күні Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети