04 шілде 2016 10:41

Головкин мен Альварес жұдырықтасқысы келеді, бірақ оларды промоутерлері қорғаштап отыр - Мартинес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HECZAR © HECZAR

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы аргентиналық Серхио Мартинес WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің биыл өтпеуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мартинестің айтуынша, бұл жекпе-жек таяудағы 4-5 жылда өтпейді. "Мен Канелоның неліктен титулдан бас тартқанын білмеймін. Бірақ мен бұл жекпе-жектің ешқашан болмайтынын білемін. Ең көп дегенде, 4-5 жылдың ішінде өтпейді. Жекпе-жек болмайды, себебі ол Golden Boy үшін тиімді емес, - деді Мартинес FighthubTV арнасына берген сұхбатында. - Мен боксшылардың расында да бір-бірімен жекпе-жекке шыққысы келетінін сезіп тұрмын, бірақ промоутерлер өз боксшыларын қорғап қалғысы келіп отыр. Меніңше, бұл қисынды себеп".

Еске салайық, осыған дейін тараптар бұл жекпе-жекті биылғы мамыр айынан бастап талқылапты, алайда келіссөздердің кезекті раундынан кейін оны келесі жылға шегеріп қоюға келісіпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети