10 қаңтар 2017 10:27

Головкин мен Джейкобс NBA матчында халықты дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин және оның алдағы жекпе-жегінде қарсыласы болатын америкалық Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі NBA тұрақты чемпионатында болып қайтты, - деп хабарлайы Vesti.kz.


Қазақстандық Геннадий Головкин және оның алдағы жекпе-жегінде қарсыласы болатын америкалық Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі NBA тұрақты чемпионатында болып қайтты, - деп хабарлайы Vesti.kz.

Жалғасы

Головкин мен Джейкобс Madison Square Garden аренасында "Нью-Йорк Никс" және "Нью-Орлеан Пеликанс" командалары арасында өткен матчқа қонақ болды. Матч ортасындағы үзіліс кезінде белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер ортаға шығып, алда өтетін жекпе-жекті құлақтандырды және боксшыларды ортаға шақырды. Осы кезде жұрт Джейкобс пен Головкинді ду қол шапалақпен қарсы алды. 

Ойын алдында Головкин "Никс" командасының латвиялық баскетболшысы Кристапс Порзингиспен кездесіп, екеуі базарлық алмасты: қазақстандық ойын жейдесін алса, ал баскетболшыға GGG қолтаңбасы қойылған былғары қолғап сыйланды. 

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Madison Square Garden аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети