1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдындағы соңғы ашық жаттығуларын өткізді

© Boxingscene.com © Boxingscene.com

WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы салмақта IBF чемпионы Нью-Йоркте жекпе-жек алдындағы соңғы жаттығуларын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 17 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша жекпе-жек жексенбі, 18 қазан күні таңертең басталады. "Қазақстан" телеарнасы таңғы сағат 7:55-тен бастап кездесуді тікелей трансляциялайды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазіргі кезде Мигель Котто иелік ететін WBC белбеуіне негізгі үміткер болады. Котто-Альварес арасындағы кездесу 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді.