Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Головкин мен Монро жекпе-жегі билеттерінің құны белгілі болды

17 Наурыз 2015, 10:09
1
Геннадий Головкин мен Вилли Монро-кіші. ©thesweetscience.com
Геннадий Головкин мен Вилли Монро-кіші. ©thesweetscience.com

Головкин - Монро жекпе-жегі билеттерінің құны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін, 17 наурызда WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) мен Boxcino-2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы америкалық Вилли Монро-кіші (19-1, 6 КО) арасындағы 16 мамырда Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жегінің билеттері сатылымға шығады.

Билеттерді Ticketmaster (Ticketmaster.com, 1-800-745-3000) мен жекпе-жек өтетін Калифорния штатының Инглвуд қаласындағы "Форум" бокс кеңсесінен алуға болады. Ең арзан билеттің бағасы - 30 доллар, ал ең қымбаты 300 доллар тұрады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

"Біз 30 доллардан бастап қисынды бағаны қойдық, барынша көбірек спорт сүйер қауымға The GGG Big Drama Show-ды көруге мүмкіндік бергіміз келеді. Головкиннің Лос-Анджелестегі соңғы жекпе-жегінде билеттер түгелдей сатылып кеткен, сондықтан жанкүйерлерге билетті алдын-ала сатып алуға шақырамыз", - делінген BoxingScene.com жарияланымында.

Айта кетейік, "Форум" бокс кеңсесінен сейсенбі күні бірінші болып билет сатып алған 100 жанкүйерге (жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.00-ден бастап) сағат 13.00-де болатын баспасөз конференциясы барысында сахнада Головкинмен суретке түсу мүмкіндігі беріледі.

Еске сала кетейік, Головкин өткен жылы Калифорнияда жекпе-жек өткізген болатын. 2014 жылы қазанда Карсондағы StubHub Center аренасында қазақстандық боксшы мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын сәтті қорғап шықты. Ал Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2015 жылы ақпанда өтті, ол ұлыбританиялық Мартин Мюррейді нокаутпен жеңді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай