Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақтағы ең мықты боксшы Геннадий Головкинның командасынан айтылған сындарға (келесі жекпе-жекті қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға шамасы жетпейтіндігін айтқан) байланысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Альварестің Головкинмен "Биг Бир" лагерінде бірге жаттығуға мүмкіндігі болған. Оның айтуынша, қазақстандық боксшының мінезі трэш-токинг жасауға мүлдем қарсы.
"Біз Головкин екеумізге бірге жаттығу жасауға мүмкіндік туған, мен "Биг Бир" лагеріне барғанмын. "Қазір Головкин мен Санчес көп сөйлейді. Мен шын мәнінде қалай екенін білмеймін, алайда менің ойымша, мұның барлығы айналасындағылардың әсері деп ойлаймын. Бірақ бұл оның өз шаруасы", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.
Еске салайық, Головкин таяуда өзін Альвареспен салыстырмауын қалайтынын айтқан болатын. Ал Головкинді жаттықтырушы Абель Санчес мексикалық боксшыны тағы да сынның астына алды.