Головкин мен Санчес Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді

22 Қараша 2015, 22:03
0
Головкин мен Санчес Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді - Геннадий Головкин, Сауль Альварес. © allboxing.ru
Геннадий Головкин, Сауль Альварес. © allboxing.ru
Головкин мен Санчес Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді - Геннадий Головкин, Сауль Альварес. © allboxing.ru
Геннадий Головкин, Сауль Альварес. © allboxing.ru

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес максикалық Сауль Альварестің пуэрториколық Мигель Коттомен болған жекпе-жегі жайлы пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

"Жақсы жекпе-жек. Екеуі де тамаша өнер көрсетті. Бұл өте тығыз жекпе-жек болды. Мен дайынмын", - деді қазақстандық боксшы Котто-Альварес жекпе-жегінен кейін тілшілерге жауап бере отырып.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес Fight Hype басылымына берген сұхбатында кездесуден алған әсерін айтты. "Альвареске оңай болған жоқ, Котто - үлкен чемпион. Меніңше, Канело бұл жекпе-жекте жақсы жұдырықтасты, бірақ ол Геннадий Головкиннің деңгейінде емес", - деді Санчес.

Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды. Жекпе-жек бүгін, 22 қарашада өтті. Кездесуден кейін "Канело" Геннадий Головкинмен қазір болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай