Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин Мейвезерді P4P рейтингіндегі орнынан ысырып тастайды - Абель Санчес

18 Тамыз 2015, 16:35
0
© Boxingscene.com
© Boxingscene.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің америкалық Флойд Мейвезерді P4P рейтингіндегі орнынан ыстыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"P4P - жанкүйерлердің көзқарасын негізге алатын күрделі рейтинг. Меніңше, Головкин Лемьені жеңгеннен кейін оның дәрежесі жоғарылайды. Егер Мейвезер өзіне Берто сияқты қарсыластарды таңдай берсе, онда оны жанкүйерлері ұмытады. Егер жанкүйерлердің қалауын орындамасаң, олар сенің бұрынғы жетістіктеріңді де ұмытады", - деді Абель Санчес.

"Егер Флойд жанкүйерлерінің көңілінен шықпайтын жекпе-жектерін жалғастыра берсе, ол рейтингтегі бірінші орнынан айырылады", - деді қазақстандық спортшының бапкері.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай