Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин Мейвезерді жеңе алатын жалғыз боксшы - USA Today

05 Мамыр 2015, 10:09
0
@Getty images
@Getty images

WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық спортшы кіші Мейвезермен қызықты жекпе-жек өткізе алатын жалғыз боксшы, - деп жазды USA Today.

Басылымның хабарлауынша, Мейвезер мансап жолындағы соңғы жекпе-жегіне өзі жеңе алатын қарсылас таңдайды. Бұл үміткерлердің тізімінде ең бірінші болып ағылшын боксшысы Әмір Хан тұр.

Еске сала кетейік, кіші Мейвезер 3 мамырдағы Мэнни Пакьяомен өткен кездесуде жеңіске жетті. "Ғасыр жекпе-жегі" аталған кездесуге көптеген жанкүйердің көңілі толмады. Көрермендер 6 жыл бойы күтілген кездесу нокаутпен аяқталады деп ойлаған болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті (29-ы нокаутпен). 16 мамырда Головкин америкалық Вилли Монро кішімен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай