1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин нокаутпен жеңудегі ең үлкен пайыздық көрсеткіші үшін марапатталды

@Getty images @Getty images

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин орта салмақ тарихында ең үлкен пайыздық нокаутпен жеңгені үшін марапатталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы Нью-Йорктегі бокс туралы жазатын Америка жазушылары ассоциациясының 90 жылдық мерейтойына қатысты. Шарада Геннадий Головкин орта салмақ тарихында ең үлкен пайыздық нокаутпен жеңу көрсеткіші (90,63 пайыз) бойынша марапатталды. 

Айта кетейік, осыған дейін боксшы беделді The Ring басылымы жасаған Pound for pound ретингі бойынша ондыққа кірген еді. Қазақстандық боксшы рейтингте 7-ші орында тұр.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17 мамыр күні таңғы сағат 08.00-де басталады.