04 қараша 2018 17:37

Головкин Нурмагомедовпен немесе МакГрегормен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ережесіз жекпе-жек жұлдыздарымен төбелесуге дайын екенін жеткізді, оның ішінде жеңіл салмақта ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор де бар, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

TMZ Sports тілшісі Головкин мен оның ұлы Вадимды әуежайда жолықтырып, бірнеше сұрақ қойып үлгерген. Боксшы сұрақтарға бақылау пунктінен өтіп жатқан уақытта жауап беріп отырған. 

Головкин шаршы алаңға 2019 жылы бірінші тоқсанда қайтып оралады деп жоспарланған. Ол соңғы өткізген жекпе-жегінде төрешілердің көпшілігінің дауысымен мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған еді. 

Осыған дейін, GGG қарсыласы Риота Мурата болады деп жоспарланған. Алайда 20 қазанда күн шығыс елінің боксшысы америкалық Роб Бранттан жеңіліп, орта салмақта WBA Regular титулынан айырылды. Соның салдарынан екі команданың жоспары бүлінді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети