Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы 34 жастағы Геннадий Головкинді әлсіз қарсыластарды таңдайды деп айыптады, - деп хабарлайды Vesti.kz Ring TV телеарнасына сілтеме жасап.

"Оның барлық қарсыласы - оңай жолмен жеңуге болатындар, - деп мәлімдеді "Канело". - Ол ешқашан оны жаңа деңгейге шығаратын қарсыласпен жұдырықтасқан емес".
Альварестің айтуынша, оның Әмір Ханға қарсы жекпе-жегі Келл Брукпен жұдырықтасатын Головкиннің жағдайына ұқсамайды. "Ең басты айырмашылық: Брук екі дәрежеге көтеріле алады. Ал Әмір Хан тек бір дәреже бойынша көтерілген еді".
Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.
Ал Альварес 17 қыркүйекте орта салмақтағы WBО тұжырымдамасы бойынша 27 жастағы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі.