06 қыркүйек 2018 10:11

Головкин реванш алдында төрешілерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) 15 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін реванш алдында мексикалықтың жекпе-жекте қолын арнайы бинтпен орауы мен төрешілік жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Альварестің қолы қалай оралғанын көре алмадым. Оның қолы бинтпен нақты қалай оралғанын білмей жұдырықтастым, - деді Головкин телефон арқылы өткен баспасөз мәслихаты барысында. - Төрешілер жайлы айтатын болсақ, біз оларға әсер ете алмаймыз. Біз тек олар тек әділ шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Осыған дейінгі төрешілерге қарағанда білікті және адекват болады деп сенемін".

Басылымның мәліметінше, Альварестің жекпе-жек кезінде қолын бинтпен орауы мәселесін Головкиннің бапкері Абель Санчес көтерген. Санчес мексикалықтың бірінші жекпе-жек кезінде заңсыз әдісті қолданғанын айтқан. Алайда Неваданың комиссия өкілдері "Канело" мен оның бапкерлерінің әрекетінде ереже бұзушылық анықтамаған.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, судьялар кездесуді тең есеппен аяқталды деп мәлімдеген  болатын.

"Сазайын бергім келеді". Головкин Альварес туралы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети