23 қаңтар 2020 09:33

Головкин рингке сәуірде оралуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: DAZN Геннадий Головкин. Фото: DAZN

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді, бірақ ресми нақты күні хабарланбады, - деп жазады Vesti.kz.


Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді, бірақ ресми нақты күні хабарланбады, - деп жазады Vesti.kz.

Басында GGG ақпанда жұдырықтасады деген ақпарат шыққан, кейін жекпе-жек уақыты деп наурыз айтыла бастады. Бұған дейін Головкин 28 наурызда Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) жұдырықтасады деген ақпарат болған. 

Алайда ESPN журналисі Стив Кимнің мәліметі бойынша, Головкиннің жекпе-жегі сәуірге шегерілген. 

"Бірнеше дереккөз Вирджил Ортис 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Лос-Анджелестегі The Forum аренасында өткізетінін хабарлады. Головкин рингке сәуірде оралатын секілді. Сол күні Канадада Top Rank компаниясы Артур Бетербиевпен шоу өткізуі мүмкін", - деп жазды Ким Twitter желісінде. 

Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін. Бұған дейін екі тараптың толық келіскені туралы хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети