07 қыркүйек 2016 09:24

Головкин рингтегі спарринг кезінде Ковалевті нокаутқа түсірді деп естігенмін - Нельсон

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин © REUTERS Геннадий Головкин © REUTERS

Бірінші ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы, ағылшын боксшысы Джонни Нельсон отандасы Келл Брук пен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның жекпе-жегінің қарсаңында жаға ұстатарлық жаңалық естігенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы, ағылшын боксшысы Джонни Нельсон отандасы Келл Брук пен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның жекпе-жегінің қарсаңында жаға ұстатарлық жаңалық естігенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен жаттығу залында болды деген бір жағдай туралы естідім. Мен мұны айтқым келмеген, себебі Бруктың мұны білгенін қаламаймын, мен Головкинның Сергей Коваленвті нокаутқа түсіргенін естідім. Осы жағдайды естідім. Бірақ мұның дым да маңызы жоқ, себебі Келл мұны көрмейді. Бұл жігіттің соққысы осыншалықты күшті. Бұл жағдайда қарсыласының соққысы күшті әрі күші көп. Ковалев - жартылай ауыр салмақта, ал бұл адам (Головкин) оны құлатқан. Бұл Брук зәресін алатын шығар", - деді Нельсон. 

Ал Келл Брук өз кезегінде Головкинды жеңіп кетсе, салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы атанатынын мәлімдеп отыр. Ал оның бапкері Доминик Ингл мен промоутері Эдди Хирн өз шәкіртінің Головкинның бұрынғы қарсыластарының барлығын жеңе алатынын айтты. 

Ал Головкин Бруктің бұл сөзіне келіспейтінін айтады. "Барлық қарсыласымды ұрып жыға алмайды деп ойлаймын. Ол көп сөйлей береді. Бұл қалыпты жағдай. Бұл коммерция тұрғысынан жақсы, телевизияға да", - деп келтіреді Головкинның сөзін Tofight.ru.

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети