29 тамыз 2014 11:02

Головкин - Рубио жекпе-жегінің билеттері сатылымға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин  мен Марко Антонио Рубио. boxingscene.com© Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио. boxingscene.com©

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Билеттердің құны 27 доллардан басталып (шамамен бес мың теңге) 210 долларға (38 мың теңге) дейін жетеді. Оны StubHub Center кассаларында және AXS.com сайтынан алуға болады. Айта кетейік, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. Ал 34 жастағы Рубио осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 66 кездесу өткізіп, оның 59 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 6 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.

Головкин мен Рубио орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети