Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин Саул Альвареспен кездесуге дайын - Абель Санчес 16 мамыр 2015, 15:53

16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында қазақстандық боксшы Головкин мен америкалық Монро кішінің арасындағы жекпе-жек өтеді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Sport.ua сайтынан Sport.ua сайтынан

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің Саул "Канело" Альвареспен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты boxingscene.com порталына сілтеме жасап. Абель Санчес кездесудің қыркүйекте немесе келесі жылдың мамырында болуы мүмкін екенін айтты.

"Біз онымен жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Дегенмен оның промоутері Оскар Де Ла Хой шәкіртінің Головкинмен тек болашақта ғана кездесетінін мәлімдеді. Біз бұл жекпе-жектің 10 жылдан кейін емес, 2016 жылы өткенін қалаймыз", - деді Санчес.

Айта кетейік, 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Вилли Монро кішінің жекпе-жегі өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де басталады. Жекпе-жек "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті