Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды

08 Қараша 2017, 10:09
0
Головкин табысты боксшылардың P4P рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды - © RingTV
© RingTV

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Forbes журналы нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде үшінші орынға жайғасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ендігіде Головкин үшінші орында тұр, ол өз алдына супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) шығарды. Ал көш бастап тұрған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО).

"Егер Головкин Альвареспен өткен жекпе-жегінде жеңіске жетіп, кепілдендірілген үш миллион долларды алған жағдайда, ол осы тізімде бірінші болар еді. Алайда бокс кеші тең аяқталды, сол себепті де "Канело" біріншілікте қалды", - деп жазады басылым. 

Әлемдегі ең табысты 15 боксшының тізімі:

1 (1). Сауль "Канело" Альварес
2 (3). Энтони Джошуа
3 (2). Геннадий Головкин
4 (4). Теренс Кроуфорд
5 (6). Василий Ломаченко
6 (8). Эррол Спенс
7 (10). Деонтей Уайлдер
8 (13). Дэниэл Джейкобс
9 (7). Мэнни Пакьяо
10 (9). Кит Турман
11 (11). Сергей Ковалев
12 (12). Майки Гарсия
13  Джермалл Чарло
14 Джермелл Чарло
15 (15). Мигель Котто

Головкин Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орында тұр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай