27 маусым 2017 12:56

Головкин тікелей эфирде МакГрегорды мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Power 106 FM радио эфирінде UFC чемпионы Конор МакГрегорды мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшыдан оның ойынша қай боксшының мүмкіндіктерін асыра бағаланғанын сұрады. 

"Мүмкін, дәл қазір, бұл - Конор МакГрегор. Ол мықты файтер, бірақ боксшы емес. Алайда сіздер нағыз жекпе-жекті көргілеріңіз келсе, онда 16 қыркүйекте маған келіңіздер, ал егер шоу тамашалағыларыңыз келсе соларға барыңыздар", - деді Головкин.  

Айта кетейік, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети