1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкинді Бораттың киімінде тұрып жекпе-жекке шақырған боксшының командасы флешмоб ұйымдастырды

© Twitter © Twitter

Ирландиялық боксшы Гэрри О'Салливан твиттердегі парақшасында Боратпен байланысты тағы бір сурет жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. О'Салливанның командасының мүшелері Бораттың киімінде суретке түсіп, флешмоб ұйымдастырды.

"Spike командасының манкини (бикинидің ерлерге арналған түрі) ассортименті жақын арада сатылымға шығарылады", - деп жазды Гэрри О'Салливан микроблогында.

Айта кетейік, ирландиялық боксшы Гэрри О'Салливан осыған дейін WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді Бораттың киімінде тұрып жекпе-жекке шақырған болатын.

Ол мұндай әрекетке Головкиннің твиттерде келесі қарсыласын жанкүйерлеріне таңдауды ұсынғаны туралы жазбасы шыққаннан кейін барды. "Менің жанкүйерлерім келесі жекпе-жекті кіммен өткізгенімді қалайды?", - деп жазған еді Головкин. 

О'Салливан бұл твитке видеомен жауап беріп, қазақстандықты шаршы алаңға шақырды. Оның айтуынша, ол Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, тіпті жеңетініне сенімді екенін де айтады.