Головкинді Брюс Лимен салыстырды

30 Желтоқсан 2016, 15:27
0
Головкинді Брюс Лимен салыстырды - © Vesti.kz
© Vesti.kz

IBF нұсқасы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Корнелиус Бандрейдж (34-6, 19 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді әйгілі жауынгерлік өнердің шебері әрі актер Брюсом Лимен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин өзінің қарапайымдылығы мен өз ісінің мықтылығымен Брюс Лиге ұқсайды (GGGBoxing reminds me of Bruce Lee humble and good at what he do)", - деп жазды Бандрейдж Twitter желісінде. 

Еске салайық, Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. Оның қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс. Кәсіпқой бокста Головкин 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Олосы күнге дейін өткен барлық 36 кездесуінде жеңіске жетіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Головкиннің иелігінде қазір орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша белбеулері бар. Осы салмақ дәрежесінде барлық белбеуді жинау үшін оған тек WBO титулы жетіспейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай