08 ақпан 2017 10:27

Головкинді ешкім де жеңе алмайды - Рой Джонс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Бес нұсқа бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс WBA орта салмақтағы чемпионға қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді. Айта кетейік, 18 наурызда америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтасады.


Бес нұсқа бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс WBA орта салмақтағы чемпионға қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді. Айта кетейік, 18 наурызда америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтасады.

"Головкин - Джейкобс - бұл өте жақсы кездесу, мен осы жекпе-жекті күтіп жүрмін. Головкин үздік боксшы. Оны ешкім жеңе алмайды. Ол кез-келген жерде шаршы алаңға шығуға дайын, алайда онымен ешкім шыққысы келмейді. Өзіне жақсы қарсылас тапқан кезде, ол өзінің кім екенін көрсетеді. 

Джейкобс үшін бұл ауыр кездесу болады, ол Головкинның ауыр соққыларына шыдап қана қоймай, оның интелектуалдық боксына төтеп беруі тиіс. Головкин тек күшімен ғана алмайды. Бұл Дэнни үшін басты мәселе. Канадалық боксшымен болған жекпе-жегін қараңыз, ол Давид Лемьені тек бір ғана джебпен сұлатып түсірді. Сондықтан онымен жұдырықтасқан сәтте, ұйықтауға болмайды. Осыған дейін айтқанымдай, Головкинді ешкім жеңе алмайды", - деді Джонс Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Болашағынан үміт күттіретін америкалық боксшы Давид Бенавидес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жаттығу кезіндегі жұдырықтасулардан кейінгі әсерін, сонымен қатар, қазақстандықтың америкалық Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жегіне болжамын айтты. "Головкин - құбыжық, жыртқыш десем де болады. Онымен ешкім күш сынаса алмайды, бәрін қиратады. Ол ұлы спортшы, ақылды боксшы. Онымен бірге жұмыс істеу маған зор тәжірибе береді", - деді ол. Ал ирландиялық жеңілмеген боксшы Джейсон Куиглидің (12-0, 10 КО) ойынша Джейкобс Головкинге күтпеген соққылар жасап, біраз қиындықтар туғызады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети