15 шілде 2015 12:53

Головкинді жекпе-жекке шақырғандардың рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Vesti.kz спорт порталы қазақстандық Геннадий Головкинді жұдырықтасуға шақырған боксшылардың рейтингін жасады. Головкин АҚШ-та "аяғынан нық тұрған" 2013 жылдан бастап оны жекпе-жекке шақырмағандар қалмады. Аз да болса атағы бар боксшылардың барлығы рингке шығып қазақстандықты жеңгісі келетінін мәлімдеді.


Vesti.kz спорт порталы қазақстандық Геннадий Головкинді жұдырықтасуға шақырған боксшылардың рейтингін жасады. Головкин АҚШ-та "аяғынан нық тұрған" 2013 жылдан бастап оны жекпе-жекке шақырмағандар қалмады. Аз да болса атағы бар боксшылардың барлығы рингке шығып қазақстандықты жеңгісі келетінін мәлімдеді.

1. Питер Куиллин (АҚШ)

Кәсіби бокстың "шоколадты жігіті" 2012 жылы қазанда Головкинмен "мегафайт" жасауға уәде берді, алайда әлі күнге қазақстандықпен рингке шыққан жоқ. Осы уақыт ішінде ол өзінің WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын бірнеше рет қорғап үлгерді, Фернандо Герреро мен Габриэль Росадоны нокаутқа түсірді, сонымен қатар, Хассан Н'Дам Н'Жикам мен Лукаш Конечныды жеңді. WBO Куиллинаны Энди Лимен жекпе-жегі кезіндегі артық салмағы үшін титулынан айырды.

Осыдан кейін Куиллинаның есімі 2013 жылы маусымда қайта жаңғырды. Кейін ол Головкинмен кездесіп қана қоймай, сол үшін ақша алғысы келетінін есіне түсірді, болмаса ол қызық емес деп мәлімдеді. 2014 жылы америкалықтың промоутері Ричард Шефер жекпе-жек туралы ұсыныс жасауға шақырды және оған келісетіндерін айтты. Тамызда Куиллин Головкинмен кездескісі келетінін тағы бір мәрте жариялады. Алайда қазір қазақстандық америкалық боксшының есімін ұмытып қалған да болар.

2. Кіші Хулио Сезар Чавес (Мексика)

Әлемдік бокстың мексикалық жұлдызының ұлы, WBC тұжырымы бойынша орташа салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес 2013 жылы сәуірде Головкинмен кездескісі келетінін айтты. "Егер менде таңдау құқығы болса, мен алдымен Мартинеспен, кейін Головкинмен кездесер едім және 160 фунтта кімнің үздік екенін айқындайтын сұрақтардың барлығына түсінік берер едім. Головкин орташа салмақта үздік пе, жоқ па білмеймін, ол менімен рингке шықпай тұрып ол жөнінде айта алмаймын", - деді кіші Чавес.

Тіпті бокшылардың өкілдерінің кездесуі де өтті: Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер кездесті және олар өтуі мүмкін болған жекпе-жектің егжей-тегжейін талқылады. "Боб Арум Том Леффлермен Чавес - Головкин кездесуіне қатысты сөйлескенін айтты, егер Чавес өзін сенбі күні жақсы көрсете алса. Бірақ сол ЕГЕР үлкен мәселе болып тұр", - деп жазды USA Today редакторы Боб Велин Twitter желісінде. Тараптардың оң келісімге келгені де хабарланды. Тіпті кіші Чавесті қазақстандық үшін ең дұрыс вариант деп атай бастағандар болды. Кейін Головкин-Чавес кездесуі ағылшынның қаржылық тәбетіне байланысты үзіліп қалды. Чавеспен кездесу 2015 жылы да айтылды. Том Леффлер оны 2015 жылдың шілдесіне тағайындады. Қазір Чавес өзін Головкин үшін әлі де қызықтымын деп сеніп отыр.

3. Бернард Хопкинс (АҚШ)

"Бокстан әлемнің жасы ең ерекше чемпионы Геннадий Головкиннің қарсылығын қабылдады", - дәл осындай тақырыппен 2013 жылы материал жарияланды. Хопкинс, нағыз маман ретінде, пікір қалдырудан бойын алшақ ұстады, бірақ өзінен әлдеқайда жас қарсыласының командасын қызығушылығы мен менмендігі үшін мақтады. 

Америкалық боксшы Дэнни Гарсияның әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия орташа ауыр салмақта әлем чемпионы 49 жастағы Бернард Хопкинс Головкинді жеңеді деп сенеді. "Бернардқа орташа салмаққа түсіп, Головкинмен жұдырықтасу қажет, - деп ойымен бөлісті Гарсия. - Хопкинс оны 50 жасында да жеңеді деп сенемін", - деді ол.

Хопкинс те бұған жауап қатты, ол Андре Уордты емес Головкинді таңдайтын едім деп мәлімдеді. "Барлық мәселе келісімшарт бойынша кімнің нені ұсынатынында. Ол Андре Уорд болуы да мүкін, GGG болуы да мүмкін. Бірінші вариант екіншісіне қарағанда маған аса ұнамайды... Үміткердің кім болатынын көре жатармыз. Егер ол Головкин болса, оған менімен рингте жүріп өзінің крутой боксшы екенін дәлелдеуіне тура келеді. Әзірше ол жақсы боксшы дейік, бірақ ұлы емес. Бұл жекпе-жектерде салмақ қууым да мүмкін, келісімшарттағы салмаққа шарт қойып, тіпті барлығы менің салмағымда болады деп талап қоюым да мүмкін", - деді Хопкинс.

Биыл қаңтарда Хопкинс Головкинді қарсыластарының варианттар тізіміне кіргізді. Қазір Головкинді Хопкинстің қарсыласы деп атау әлі де жалғасып жатыр.

Рейтингтің жалғасын мына жерден көруге болады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети