04 сәуір 2017 11:00

Головкинді "қорқақ Боратқа" теңеген Сондерске ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MikeTyson.com © MikeTyson.com

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) тағы да мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) тағы да мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен аптада Сондерс пен оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасына жекпе-жекті өткізу үшін келісімшартқа қол қою үшін дедлайн орнатты. Сонымен қатар, ұлыбританиялық боксшы "ауызын жауып, жекпе-жекке келісімін беруді" және "келісімшартқа қол қоюға қалам таппай жүрсе, өзінікін беруге дайын екенін" айтқан болатын. 

Бұл жол Сондерс Головкиннің жеке басына тиісіп, масқаралайтын жазу жазылған жейдені көрсетті. Сондерс бұл жейдені кездейсоқ бір ер адамның бергенін айтады. Жейденің алдыңғы жағында былай деп жазылған "GGG - қорқақ Борат. Сондерспен жекпе-жекке шық". 

Badlefthook.com порталы мұндай мазақ ету әрекеттері Головкиннің келісімшартқа тезірек қол қойып жекпе-жекке шығуына ықпал ететінін және Сондерске бұл ауыр тиюі мүмкін екенін жазды. 

"Осындай әрекеттерге барған соңғы адам - Кертис Стивенс болатын. Ол Головкинді жерлеп жатқан көрініс те көрсетті. Головкиннің оның бұл әрекетіне салқынқандылық танытып, шаршы алаңда сазайын берді. Стивенстің нокаутқа түскен сәті соңғы жылдардың ең естеқаларлық сәті болды. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети