03 тамыз 2015 09:45

Головкинді Mortal Kombat ойынының кейіпкеріне ұқсатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

WBA тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Дэнни Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Mortal Kombat ойынының шаянына (Скорпион) ұқсатты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


WBA тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Дэнни Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Mortal Kombat ойынының шаянына (Скорпион) ұқсатты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Джейкобстың айтуынша, өзгелердің қалауындағыны істемегені үшін GGG-ді сынай беруге болмайды. "Ол міндетін рингте атқарады. Ол қалауыңыздағыны істемегені үшін оны сынай алмайсыздар. Оған қарсы не болса соны айта аласыздар, бірақ ол бәрін жеңді және бұл ісін жалғастырып жатыр. Ол туралы жаман нәрсе айта алмаймын. Онымен жұдырықтасқың келе ме дейсіздер ме? Әрине! Бұл, меніңше, Mortal Kombat ойыны немесе фильмі сияқты, мен сол жігіттердің бәрін жеңіп, алға қарай өтуім керек. GGG - шаян (Mortal Kombat) сияқты. Мен осы жігіттердің бәрімен кездескім келеді... Мен әрбір шақыртуға дайынмын", - деп келтіреді Джейкобстың сөзін ВКонтакте желісіндегі GGG тобы. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі арқылы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети