20 наурыз 2017 16:55

Головкинге WBO белбеуі қажет болса, мен онымен жұдырықтасуға дайынмын - Сондерс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Нью-Йорк қаласында Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен жеңгеннен кейін кез келген боксшымен, соның ішінде Сондерспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізген болатын, - деп хабарлайды Vesti.kz. Басты себеп - чемпиондық белбеу мен шоу. WBO чемпионы жауапты ұзақ күттірген жоқ.

"Кез келген жерге баруға дайынмын. Жекпе-жектің Қазақстанда өтетініне байланысты уайымым жоқ. Ашық алаңда да жұдырықтасуға дайынмын - маған бәрібір. Егер оған WBO белбеуі қажет болса, мен оны бәске қоюға дайынмын. Расында Головкин мықты, алайда ол мен сияқты боксшымен әлі кездесіп көрген емес. Тіпті мен бабымда болған кезде менің деңгейіме жетпейтін Джейкобстың өзі оған қарсы төтеп бере алды", - деді Сондерс The Sun басылымына берген сұхбатында.

34-жастағы Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иесі. Абсолютті әлем чемпионы атағын иелену үшін 27-жастағы Сондерстің WBO белбеуі ғана жетпейді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети