12 қыркүйек 2018 16:22

Головкинге "Канелодан" кейінгі бес қарсылас таңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sporting News © Sporting News

Британиялық Mirror таблойды мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектен кейін WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жұдырықтасуы мүмкін бес боксшының тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Британиялық Mirror таблойды мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектен кейін WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жұдырықтасуы мүмкін бес боксшының тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекке Головкин барлық белбеуін тігеді. Сонымен қатар, жеңімпаз The Ring журналының және WBC ұйымының арнайы белбеуіне ие болады.

Mirror ұсынған қарсыластар мынау:

1. Давид Лемье - Гэри "Спайк" О'Салливан жекпе-жегінің жеңімпазы. Олар Головкин - Альварес қарымтасының андеркартында жұдырықтасады. Канадалық боксшы2015 жылы Головкинмен жұдырықтасып, IBF белбеуінен айырылып қалған еді.

2. 27 қазанда IBF белбеуі үшін Дэниэл Джейкобс - Сергей Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы. Ұйым бұл белбеуді маусымда Головкиннен тартып алған. Америкалық та GGG-мен 2017 жылы 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

3. Головкинмен қарымта жұдырықтасуға бірнеше рет ынта білдірген Мартин Мюррей. 2015 наурызда британиялық GGG-ге қарсы 11 раунд шыдаған алғашқы боксшы болды.

4. 20 қазанда WBO белбеуі үшін жұдырықтасатын Билли Джо Сондерс - Деметриус Андраде кездесуінің жеңімпазы.

5. WBC ұйымының "уақытша" белбеуіне ие және Головкинге міндетті қарсылас Джермалл Чарло.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети