Головкинге "орта салмақты торитын қазақстандық киллер" деген атау берілді

16 Желтоқсан 2014, 18:12
0
Головкинге "орта салмақты торитын қазақстандық киллер" деген атау берілді - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

SouthCoastToday порталының колумнисі Боб Ханна категорияларға қарамастан, қазақстандық Геннадий Головкинді үздік ондығына енгізді. Сонымен қатар, тілші Головкинді қандай да бір себептермен елемейтін немесе оны өте төмен бағалайтын басылымдарды сынады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ханнаның пікірінше, Головкин үздік үштіктен орын алуға лайық. "Қазақстаннан шыққан киллер орта салмақты торуылдап жүр. Айта кетейік, бұл жігіттің жеңіліссіз 31 кездесуі бар, оның ішінде 19-ын нокаутпен жеңген. Ол жай ғана ұрмайды ғой, ол жұдырықтаса алады. Оның соққысы жақсы, қатты, қорғанысы айтуға тұрарлық, сонымен бірге ол аралықты кесе алады. Маған сенбесеңіздер де болады, Бірақ әлемнің бұрынғы чемпионы Даниель Гилдың менеджері Билл Трейси Головкинді орта салмақта тарихтан бері келе жатқан ең үздік боксшы деп есептейді", - дейді Ханна. 

Колумнист қазақстандықтан америкалықтар Флойд Майвезер-кіші мен Андре Уордты ғана биік қойып отыр. Үздік ондықты мына жерден көре аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай