28 наурыз 2017 15:07

Головкинге Сондерспен жұдырықтасудың қажеті жоқ - шолушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Boxingnews24.com шолушысы Скотт Гилфойд қазақстандық Геннадий Головкинге жаз кезінде британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Boxingnews24.com шолушысы Скотт Гилфойд қазақстандық Геннадий Головкинге жаз кезінде британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келісімге келсе, Билли Джо Сондерспен де жұдырықтасу туралы ұмытады. Головкин шілдеде Сондерспен жұдырықтасып, үлкен қауіпке барғысы келмесі анық. Бұл жекпе-жекте жарақат алу мүмкіндігі жоғары. Олай болса, Альвареспен жұдырықтаса алмайды.

Қазақстандық боксшы мұның орнына бар жігерін Альвареспен жұдырықтасуға бағыттайды. Оған WBO атағы керек емес, жанкүйерлері онсыз да Головкиннің бұл салмақта мықты екенін біледі. Егер GGG бокссүйер қауымды бір серпілткісі келсе, Джейкобспен қарымта кездесу өткізіп, Джермалл Чарломен жұдырықтасуы қажет. Альвареспен келісе алмаса да, Сондерспен жұдырықтасудан маңыздырақ жекпе-жектерге қол жеткізе алады. Головкин Джейкобс пен Чарлоны жеңсе, жакүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленеді. Ал Сондерсті сұлатса да ел аузында қалатындай жекпе-жек болмайды. Көпшілік GGG Джейкобстан ұтылады деп есептейді. Джейкобс жақсы қарылас, қағаз жүзіндегі чемпион Сондерстен әлдеқайда артық", - дейді Гилфойд.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің шаршы алаңға маусым айында оралатыны белгілі болған еді. Оның қарсыласы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы әбден ықтимал. Екі боксшының командасы қазір жазда EXPO-2017 кезінде Астанада жекпе-жек өткізуі туралы келіссөз жүргізуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети