26 қазан 2016 10:22

Головкинмен жекпе-жек өткізгім келеді - Энди Ли

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Ирландиялық боксшы Энди Ли BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. 


Ирландиялық боксшы Энди Ли BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. 

Бастапқыда Ли 10 желтоқсанда Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады делінген. Бірақ келіссөздер өз нәтижесін бермей, ол басқа жолды іздеуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта Ли WBC International белбеуінің иегері, аргентиналық Себастьян Хейландпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек оған Головкинмен жұдырықтасуға жол ашуы мүмкін.

"Маған бір жекпе-жек керек. Шыңға шығар алдындағы сынақ іспеттес. Қарсыласым мықты болуы керек, рейтингте жоғары тұруы тиіс. Қазір Хейландпен жекпе-жек өткізуге жақсы мүмкіндік туып тұр. Ол WBC рейтингінде бірінші орында тұр. Оның 2014 жылы Мэттью Маклинды нокаутқа түсірген кезіндегі мықтылығын ел көрді. Бұл жекпе-жектің мен үшін маңызы зор. Ол мен Головкинмен жекпе-жек өткізуге жақындатады. Өткіземіз деп үміттенемін", - деді Ли. 

Айта кетейік, 2014 жылы Головкин мен Ли келіссөз жүргізген. Сол уақытта қазақстандықтың әкесінің қазасына байланысты келіссөздер тоқтап қалған еді. 

32 жастағы Энди Ли кәсіпқой бокста 37 жекпе-жек өткізіп, 34-інде жеңіске жеткен. Оның 24-і нокаут, үш жеңілісі бар. 2015 жылдың желтоқсанында өткен соңғы жекпе-жекте ол ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстен жеңіліп, WBO титулынан айырылып қалған.

Бір қызығы Ли Головкинмен әуесқой бокста кездескен. 2003 жылы қазақстандық ұпай айырмасы бойынша жеңіске жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети