23 желтоқсан 2016 15:08

Головкинмен жекпе-жек өткізу мен үшін ауыр болар еді - Рой Джонс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lenta.ru © Lenta.ru

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонс Алматыға келіп, жанкүйерлерімен кездесті. Кездесу барысында ол Головкин-Джейкобс жекпе-жегі туралы және GGG-мен өзі қолғап түйістірсе қалай болатыны туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Құрама Штаттарында маған кім бәсекелес бола аларын білмеймін. Мен үшін әлемде айтарлықтай қауіпті дей алатын екі боксшы бар. Меніңше, Головкинмен жекпе-жек өте ауыр болатын еді. Головкинмен рингке шығатындай Джейкобс соншалықты мықты деп ойламаймын. Головкин - супер күш. Сондықтан Головкиннің күшіне қарсы тұру үшін керемет дағды керек", - деп атап өтті Рой Джонс.

Аңызға айналған 47 жастағы боксшыға қазақы оюлары бар бокс шапаны сыйға тартылды. Кездесу шеңберінде фотосессия өтіп, қолтаңба таратылды. 

Мұның алдында Рой Джонс Қарағандыдағы ҚазССР-дің еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің ашылуына қатысқаны хабарланған. Ригте ол өз композициясын орындап, қазақстандық боксшыларды ойнатып жіберген еді. Бұл оның Қазақстанға екінші рет келуі

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтеді деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети