Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкинмен жекпе-жекке шығатын мықты қарсыластардың рейтингі жасалды

11 Қыркүйек 2016, 14:55
0
mirror.co.uk
mirror.co.uk

Америкалық Bleacher Report  басылымы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді өткізетін мықты қарсыластардың рейтингін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Тізімге сәйкес, мықты қарсыластардың үздік бестігінде орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын америкалық Дэниэл Джейкобс бар. Ал оның алдында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс тұрса, тізімде үшінші болып Сауль "Канело" Альварес тұр.

Рейтингте екінші болып IBF/WBA/WBO нұсқалары бойынша орта ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Сергей Ковалев тұр. Ал америкалық Андре Уорд болса тізімде бірінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осыған дейін Головкин Сондерспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.

Bleacher Report басылымының мәліметіне сүйене отырып, үздік бес қарсыластың тізімін ұсынамыз:
1. Андре Уорд;
2. Сергей Ковалев;
3. Сауль "Канело" Альварес;
4. Билли Джо Сондерс;
5. Дэниэл Джейкобс.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай