1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкинмен жекпе-жекке шығуға басты үміткер чемпион атағынан айырылды

©Boxing Social ©Boxing Social

Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға басты үміткер болған 32 жастағы жапондық боксшы, 2012 жылғы олимпиадалық чемпион атанған Риота Мурата америкалық Роб Бранттан жеңіліп, WBA орта салмақтағы чемпион атағынан айырылды, -  деп хабарлайды Allboxing.

Мурата мен Бранттың жекпе-жегі Лас-Вегастағы MGM Park Theater алаңында өтті. Америкалық боксшы бірінші раундтан бастап өзін сенімді көрсетті. Чемпион қайтпай аяғына дейін күрессе де, жекпе-жектің жеңімпазы атана алмады. 

12 раундтың нәтижесі бойына Брант 118:110, 119:109 және 119:109 есебімен жеңіп, жаңа әлем чемпионы атанды. Осыдан бірнеше күн бұрын Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялықты GGG үшін "өте тартымды нұсқа" деп бағалаған еді. 

Сондай-ақ промоутерлық Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум Мурата мен қазақстандықтың арасында жекпе-жек ұйымдастыруға қарсы емес екенін айтқан еді.