Головкинмен жұдырықтасқысы келген боксшы WBSS жекпе-жегінде жеңіліп қалды

18 Ақпан 2018, 14:06
0
Головкинмен жұдырықтасқысы келген боксшы WBSS жекпе-жегінде жеңіліп қалды - © Reuters
© Reuters

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келіп жүрген британдық Крис Юбенк (кішісі) WBSS жобасының жартылай финалында отандасы Джордж Гроувздан жеңілді, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, Манчестерде өткен Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS жобасы) жартылай финалында жұдырықтасқан Крис Юбенк (кішісі) пен Джордж Гроувз жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер 117:112, 116:112, 115:113 есебімен Джордждың жеңіске жеткенін хабарлады.

Крис Юбенк (кішісі) екінші орта салмақта төртінші кездесуін өткізді. Ол бұл салмақ дәрежесіне 2017 жылдың басында ауысқан еді. Тіпті қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге шақ қалған. Қос тарап келісімге келе алмаған-ды. Боксшы бұл жекпе-жектің өтпей қалғанына промоутер Эдди Хирнді кінәлайды.

"29 жастағы Джордж Гроувз мансабындағы 28-ші жеңісіне қол жеткізді. Үш рет жеңілген. 2014 жылы бұл боксшы Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы да болған. Финалда Джордж Гроувз британдық Каллум Смит пен неміс Юрген Бремер арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Бұл жекпе-жек 24 ақпан күні Нюрнбергте өтеді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, WBSS жобасының жүлде қоры – 50 миллион доллар. Жеңімпаз Мұхамед Әли атындағы арнайы кубокпен бірге 10 миллион долларға ие болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай