Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Головкинмен жұдырықтасу Бруктің мансабына ғана емес, денсаулығына да зиян - Пол Малиньяджи

18 Шілде 2016, 09:53
0
© vk.com/ggolovkin
© vk.com/ggolovkin

Екі салмақ категориясында бұрынғы әлем чемпионы америкалық Пол Малиньяджи орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Келл Брук - жақсы боксшы және ол өз дивизионында ең мықтылардың бірі. Алайда орта салмақтағы ең мықтысы ол - Головкин. Менің оның (Головкиннің - Авт.) орта салмақтағы мықтылармен жұдырықтасқанын көргім келеді, алайда дивизиондағы мықтылар онымен шыққысы келмейді", - деп таратады BoxingScene.com Малиньяджидің сөзін.

"Головкинмен шыққысы келетін басқа да қарсыластар бар. Соның бірі Туреано Джонсон, сонымен қатар Мэттью Маклинді жеңген Хорхе Себастьян Хайланд бар. Осылармен жұдырықтасса, жақсы жекпе-жек шығар еді. Соған қарамастан, мен неге Брукті таңдағанын түсінемін. Брук жартылай орта салмақта аты шыққан және онымен ешкім шыққысы келмейді. Оған да үлкен кездесу керек, себебі ол өз салмағында қарсылас таба алмады. Головкин мен Бруктің мәселелері бірдей", - деп толықтырды америкалық.

Малиньяджидің айтуынша, Брук Джонсон мен Хайлендке қарағанда атағы басым, бірақ ол Головкинмен шығатындай дәрежеде екеніне күмән келтіреді. "Бұл жекпе-жек Брук үшін мансабына ғана емес, денсаулығына да зиян. Головкин орта салмақтағы ең мықты боксшы, сонымен қатар ол өз деңгейінде мықты панчер", - деді Малиньяджи.

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. Ертеректе белгілі болғандай, осы кездесудің билеттері 12 минутта сатылып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай