04 қазан 2016 13:29

Головкинмен WBC титулына таласатын қарсылас желтоқсанда белгілі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allboxing.ru © allboxing.ru

Халықаралық бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман барлық салмақтағы чемпиондық титулдарға талас жекпе-жектерін ұйымдастыру жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман барлық салмақтағы чемпиондық титулдарға талас жекпе-жектерін ұйымдастыру жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, орта салмақта WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО), ол осы салмақта WBA (Super), IBO и IBF белбеулерін жеңіп алған.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин WBC белбеуін иеленді, белбеуден мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес 2016 жылы мамырда өз еркімен бас тартқан болатын. Соған қарамастан, боксшылар арасында 2017 жылы жекпе-жек өткізу туралы ауызша келісім бар.

Қазіргі уақытта Головкинның WBC титулын қорғау үшін міндеттелген қарсыласы жоқ. Осы мәселе желтоқсанда Майамиде өтетін жыл сайынғы WBC конвенциясында талқыланады, - деп хабарлайды ESPN.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Головкин бір жекпе-жек өткізеді. Әзірге оған лайықты қарсылас ретінде орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс шығуы мүмкін. 

Головкин әрдайым орта салмақтағы барлық белбеуді жинағысы келетінін айтып жүр. Оған тек ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс иелік еткен WBO белбеуі жетіспейді. Сондерс Головкинмен желтоқсанда кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети