Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін - Дэниел Джейкобс

12 Тамыз 2014, 10:34
0
Дэниел Джейкобс. ©Fightnews.ru
Дэниел Джейкобс. ©Fightnews.ru

Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы Дэниел Джейкобс "егер мен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығатын болсам, кездесуді Кертис Стивенс сияқты аяқтамаймын" деп мәлімдеді, бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Кертис Стивенсті техникалық нокаутпен жеңген болатын.

"Біз Кертис екеуіміз - екі түрлі стильдегі боксшылармыз. Ол - Тайсон сияқты айбатты слаггер, мен түрлі режимге ауысып отырып, қарсыласты шатастыра білетін боксер-панчермін. Сондықтан егер мен Геннадиймен кездесетін болсам, оның Стивенспен кездесуінің қалай аяқталғанына мән бермес едім, бұл жерде бәрі басқаша болады", - деп мәлімдеді Джейкобс.

Америкалық боксшы әлемнің орта салмақтағы кез келген боксшысымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бұл туралы мына жерден толығырақ оқыңыздар. Еске салайық, Головкин Стивенспен өткен жылдың қараша айында жекпе-жекке шыққан еді. Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңында өткен кездесу техникалық нокаутпен аяқталды. Сегізінші раундтан соң Стивенс көп соққы алып, қарсыласының шабуылына төтеп беруді қойғаннан кейін рефери жекпе-жекті аяқтауға шешім қабылдады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай