Головкиннің бапкері бокс әлемінде үздік тәлімгер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің бапкері бокс әлемінде үздік тәлімгер атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес биылғы бокс әлемінде үздік тәлімгер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Санчес Sports Illustrated басылымының тұжырымы бойынша, жыл бапкері атанып отыр. 


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес биылғы бокс әлемінде үздік тәлімгер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Санчес Sports Illustrated басылымының тұжырымы бойынша, жыл бапкері атанып отыр. 

Басылым бұл таңдауын былай деп түсіндіреді: "2015 жыл Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның дәуірінен Геннадий Головкиннің дәуіріне өту кезеңі болды. Қазақстандық боксшы екі жыл бұрынғысына қарағанда рингте күштірек, техникасы жетіліп, ақылды бола түсті. Бұл Санчестің жетістігі", - делінген басылымда. 

Осыған дейін Головкин өз мансап жолында Абель Санчестің маңызды роль атқаратынын атап өткен болатын. "Менің бапкерім кәсіби мәнерімнің маңызды бөлігі. Мен онымен бес жыл бұрын Big Bear-те бірге жұмыс істей бастадым және содан бері өзімді жайлы сезінемін. Кәсіби мәнерімді қалыптастыруда көмектескен де сол, менің стилім - "мексикалық стиль", бұл стиль Хулио Сезар Чавесте және мексикалық басқа да ұлы чемпиондарда бар. Абель ұлы адам әрі ұлы бапкер. Мен бастапқы кезден-ақ Big Bear-де, жаттығу залында өзімді жайлы сезіндім. Бұл мен үшін - жаттығуға лайықты орын. Мен тауға шыққанды жақсы көремін, алаңдамай, жаттыға бергім келеді, бұл менің дайындығыма жақсы әсерін тигізеді", - деген еді боксшы.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.09   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +29
Ақтау +21
Ақтөбе +18
Атырау +27
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +34
П
Павлодар +28
Петропавл +33
С
Семей +33
Т
Талдықорған +28
Тараз +28
Түркістан +25
О
Орал +30
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер