16 тамыз 2015 18:23

Головкиннің Альвареспен жекпе-жегі Коттомен кездесуіне қарағанда маңыздырақ - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © allboxing.ru Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © allboxing.ru

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінің Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен кездесуіне қарағанда артығырақ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz


WBA (Super), IBO, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінің Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен кездесуіне қарағанда артығырақ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Меніңше, "Канеломен" жекпе-жек өткізу маңыздырақ. Оның жанкүйерлері көп. Меніңше, АҚШ-тың оңтүстік бөлігі үшін бұл үлкен оқиға болады. Егер "Канело" Коттоны ұрып жықса, онымен кездесуіміз маңыздырақ болды. Егер Котто "Канелоны" жеңсе де, "Канело" біз үшін маңыздырақ болады, себебі оның жекпе-жектерін көргісі келетіндер көп", - деп мәлімдеді Санчес. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье және Котто-Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздарының бір-бірімен кездесетінін айтқан болатын. "WBC қаулы етті, Котто - Альварес жеңімпазы Головкин - Лемье жекпе-жегінің жеңімпазымен төбелеседі", - деп мәлімдеді Леффлер.

Ал оның алдында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлеймен орта салмата WBC чемпионы Мигель Котто мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазының осы салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкимен кездесуге міндетті болатынын мәлімдеген еді. Ал Лемье жайлы мәселе қозғалған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети