Головкиннің бапкері допинг туралы айыптауларға жауап берді

19 Мамыр 2017, 09:19
0
Головкиннің бапкері допинг туралы айыптауларға жауап берді - Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin
Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес осы салмақта WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерстің GGG допинг қолданады деп ыммен жеткізген ойына қатысты пікір білдірді.

"Бұған мән бермеймін. Геннадий де, біздің командамыз да мұндай дүниелерге назар аударатындай жағдайда емеспіз, уақытымыз жоқ. Бұл ақылсыздық. Сондерстің былшылына назар аударудан маңызды шаруаларым бар", - деп келтіреді boxingscene.com Санчестің сөзін.

Еске салайық, Сондерс Головкин Джейокбспен шығар алдында бірнеше мәрте допинг-тексерістен өткендіктен әлсіреп қалды деп мәлімдеген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай