26 сәуір 2018 17:09

Головкиннің бапкері жаттықтырған боксшы есірткі мен ішімдікке әуестігін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карлос Куадрас. © boxingscene.com Карлос Куадрас. © boxingscene.com

Екінші аса жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық 29 жастағы боксшы Карлос Куадрас (36-3-1, 27 КО) ауруханаға түсті, бұл клиника ішімдік пен есірткіге әуес науқастарды сауықтырумен айналысады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


Екінші аса жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық 29 жастағы боксшы Карлос Куадрас (36-3-1, 27 КО) ауруханаға түсті, бұл клиника ішімдік пен есірткіге әуес науқастарды сауықтырумен айналысады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Осыған дейін WBC ұйымының басшысы Маурисио Сулейман Куадрасты тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін біраз уақытқа шеттеткен еді. Пуэрторикалық Макиульямс Арройомен (17-3, 14 КО) өткен жекпе-жектің алдында және өткеннен кейін допинг сынамасына қан тапсырған мексикалық боксшының ешқандай тыйым салынған препарат табылмады. Әлемнің бұрынғы чемпионы есірткімен әуес болғаны айтылды. 

"Куадрас тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны үшін шеттетілді, тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Маурисио Сулейман

FightNews мәліметінше, Куадрастың ісі бойынша 25 сәуірде тыңдалым өтеді. Оның ісімен "Таза бокс" (WBC ұйымы мен VADA жобасы) комитеті айналысады. 

Куадрас қарсылық танытпай, емделуге келісті. WBC президенті барлықтұрғыдан көмектесетінін уәде етті. 

"Өмірімдегі ең маңызды жекпе-жек тұр. Жеңіске жетемін деп ойлаймын. Менің артымда әйелім мен ұлым бар. Мексиканың намысын әлемдік аренада қорғап жүргенімді сеземін. Құдайдың көмегімен осы әуестігімнен құтылғым келеді. Ешуақытта допинг қолданған емеспін. Мен спортты құрметтеймін. Бірақ менің жеке өмірім, менің қателіктерім, жекпе-жек алдында не істегенім, менің мансабыма әсер етті. Мені қолдап жүргендерге алғысым шексіз. Барлығынан кешірім сұрап, тағы бір мүмкіндік берулеріңізді сұраймын. Соңғы мүмкіндік", - деді Куадрас. 

Еске салайық, ақпанда WBC Silver титулы үшін таласта Куадрас Арройодан жеңіліп қалды. Бұл жекпе-жекке мексикалықты өз отандасы Абель Санчес дайындаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети