14 мамыр 2015 09:51

Головкиннің бапкері Монро кішіге ақылын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © boxingscene.com Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © boxingscene.com

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық Вилли Монро кішіге қазақстандықпен қалай жұдырықтасу туралы кеңес берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Монроға айтарым, әдеттегідей арқанға асылып тұрмасын. Ол арқанды жағалап жүргенді жақсы көреді, сөйтіп қарсыласының соққы беруіне жол ашады және меніңше, бұл - қателік. Мен болсам рингтің қақ ортасында Геннадий маған келгенше күтіп тұрар едім, сөйтіп қарсы шабуыл қолданар едім. Бұл ол үшін жақсы мүмкіндік", - деп келтірді Fight News Санчестің сөзін.

Еске сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Ингливудтағы The Forum аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамырда таңғы сағат 08.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети