1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкиннің Джейкобстан кейінгі қарсыласы аталды04 ақпан 2017, 10:48

Геннадий Головкин. © Reuters / Andrew Couldridge Геннадий Головкин. © Reuters / Andrew Couldridge

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұрақты чемпионы Дэниэл Джейкобсты жеңген жағдайда бұл титуын қорғауға міндеттеледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Worldboxingnews.net порталының мәліметінше, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйымның бірінші үміткері багамалық Труено Джонсқа қарсы қою үшін Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отыр. "Головкин - Джейкобс жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы IBF титулын қорғайды деп күтіп отырмыз", - деп мәлімдеді IBF басшысы Линдси Такер.

Алайда Головкин WBO бойынша чемпион ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен кездесуге келіссе, Джонсонспен кездеспеуі де мүмкін. 

Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады.


Алматыда митинг өтті