Головкиннің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

19 Мамыр 2016, 16:22
0
Головкиннің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды - © triple-g.ru
© triple-g.ru

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) промоутері Том Леффлер UCN басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың рингке қашан шығатынын хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Леффлердің айтуынша, Головкин жекпе-жегін биыл қыркүйекте өткізеді. Алайда промоутер қазақстандықтың қарсыласын атай алмады, бірақ ол Сауль "Канело" Альвареспен келіссөздердің жүріп жатқанын хабарлады.

"Бұл келіссөздің де қосымша нұсқалары бар. "Канело" біз үшін - бірінші орында, бірақ Сондерспен (орта салмақта WBO белбеуінің игереі) кездессе, бұл керемет жекпе-жек болар еді. Дәл осындай жағдай Дэнни Джейкобспен (WBA (Regula чемпионы) және Крис Юбенкпен. Сондықтан басқа да жақсы жекпе-жектер бар, тіпті Хильберто Рамирес (WBO екінші орта салмақ чемпионы) те жақсы қарсылас болар еді, оның үстіне Боб Арум (Top Rank басшысы) да оған қызығушылық танытқан еді. Сондықтан "Канело" бірінші орында, Головкинге жақсы нұсқаны таңдауым керек. "Канеломен" қыркүйекте жұдырықтаса алмасақ, басқа бағытта қозғаламыз. Бірақ Головкин қыркүйекте кездесу өткізеді", - деді Леффлер.

Айта кетейік, бүгін Сауль "Канело" Альварес WBC титулынан бас тартқаннан кейін, ол Головкинге берілген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай