21 мамыр 2016 09:45

Головкиннің келесі қарсыласы Мигель Котто болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fightnews.ru © Fightnews.ru

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы экс-чемпион Мигель Котто болуы мүмкін. Бұл туралы Fightnews.ru басылымы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы экс-чемпион Мигель Котто болуы мүмкін. Бұл туралы Fightnews.ru басылымы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, америкалық HBO телеарнасы екі боксшы арасындағы жекпе-жекке қызығушылық танытып отыр екен. Қазір тараптар келіссөз жүргізуге кірісті, жекпе-жек жаздың соңында немесе күздің басында өткізілуі мүмкін. Айта кетейік, Мигель Котто соңғы рет шаршы алаңға былтыр қараша айында шығып, Сауль Альварестен жеңіліп қалған болатын. Ол осылайша WBC чемпионы титулынан айырылып қалды.

Кейін Сауль Альварес қазақстандық боксшымен кездесуге міндеттелді. Дегенмен ол чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартып, Головкинмен жұдырықтаспайтынын айтты. Қазір Геннадий Головкин төрт тұжырым: WBA, IBO, IBF және WBC бойынша орта салмақта әлем чемпионы. GGG бұған дейін орта салмақтағы барлық белбеуге иелік ететінін бірнеше рет айтқан болатын. Енді ол WBO чемпиондық белбеуін алуды мақсат етіп отыр. Бұл чемпиондық атақ әзірше ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерстің иелігінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети