06 наурыз 2018 09:50

Головкиннің командасы "Канелоның" допинг-дауына қатысты не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal © Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мүддесін қорғайтын промоутер Том Леффлер қазақстандық команданың мексикалық Сауль "Канело" Альварестің реванш қарсаңында допинг-сынақтан өте алмауына қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мүддесін қорғайтын промоутер Том Леффлер қазақстандық команданың мексикалық Сауль "Канело" Альварестің реванш қарсаңында допинг-сынақтан өте алмауына қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) ұйымынан және Атлеттер комиссиясынан толығырақ мәлімет алмайынша бұл жағдайға қатысты пікір білдіруге асықпаймыз. Головкин әрдайым әрбір жекпе-жегіне VADA сынағынан өтуді өзіне міндет санаған. Оның соққысы қатты, сондықтан Абель Санчес (Головкиннің бапкері - Авт.) оның дайындығына ешкімнің күмәні болмасын дейді. Геннадий таза спорт мәселесіне және қарсыластардың тең мүмкіндігі болуына аса қатты назар аударады. Мән-жайы белгісіз, сондықтан алдын ала ештеңе айта алмаймыз", - деді Леффлер. 

"Невада штатының Атлеттер комиссиясынан мәлімет алмайынша жекпе-жекке дайындықты жалғастырамыз. Салдары қандай боларын түсінуіміз керек. Сондықтан Альварестің допинг-сынақтан өте алмауына құзырлы органның пікірін білуіміз керек", - дейді промоутер.

Невада штатының Атлеттер комисииясы "Канелоның" допинг-сынақтан өте алмауына қатысты тергеуді бастап кетті. Бұл туралы Las Vegas Review-Journal басылымына NSAC басшысы Боб Беннетт айтты. 

"Қазіргі уақытта жекпе-жек жалғасады. Бірақ бұл осылайша қалады деп ойламаймын. Біз әлі де тергеу жүргізіп жатырмыз. Алда атқарар әлі талай шаруа бар. Қазіргі таңда мәлімдеме жасай алмаймыз", - деді Беннетт.

Мұның алдында Альварестің сынамасынан кленбутеролдың аздаған мөлшері табылғаны хабарланған еді. Бұл мәліметті Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Компания бұл туралы БАҚ-тарға ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін BoxingScene басылымында жарияланды. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған мексикалық спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети