07 сәуір 2017 19:15

Головкиннің командасы қазір қиын жағдайда, ал Сондрес осы мүмкіндікті пайдаланып жүр - маман

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Геннадий Головкин мен бритниялық Билли Джо Сондерс арасында Астанада өтуі мұмкін жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты.


Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Геннадий Головкин мен бритниялық Билли Джо Сондерс арасында Астанада өтуі мұмкін жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты.

Мұның алдында Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен екі жақты келіссөздерге Головкиннің жарақты бөгет болып тұрғанын айтқан.

"Соңғы жекпе-жекте Головкинге не болғанын білмеймін, бірақ, ол бұрынғысынша жұдырықтаса алмады - өзін ауыр және шаршаңқы сезінді. Дегенмен жарақат болған жоқ, әйтпегенде, Джейкобспен кездесуді бірден кейінге шегерер еді.

Сондерс қазіргі жағдайды пайдаланып, Головкин командасының қолы байлаулы екенін біліп, Генаға айтып жатқаны көп. Қазіргі кезде анық емес жайттар жетерлік: бірнеше мүделлі тарап бар болғанымен, ешқандай келісім жоқ. Сондерс Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екені белгілі - бұл туралы ол бірнеше рет айтқан. Ал Головкиннің командасында өзге жоспарлар бар болуы мүмкін. Асықпайық, Лефлердің ресми мәлімдемесін күтейік", - дейді Демьяненко.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің сөзінше, жақын арада Головкиннің командасы бокс кешінің мән-жайын талқылау үшін Астанаға келу керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети