"Головкиннің күйі нашар" деген МакГрегордың өзі сынға қалды

14 Тамыз 2017, 17:42
0
"Головкиннің күйі нашар" деген МакГрегордың өзі сынға қалды -

KnucklesandGloves.com және TheFightCity.com америкалық спорт порталдарының шолушысы Патрик Коннор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Конор МакГрегордың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты сынын күлкілі деп атады.

"МакГрегордың айтқандары күлкілі. Ол головкиннің жағдайы туралы қалай айта алады, видеоны көріп пе? Бұл тек "трэш", айту керек болды да айта салды. Мұны біреу шынайы қабылдайды дегенге сенбеймін. Головкин - "Канело" жекпе-жегін асыға күіп жүрмін. Болжам жасау қиын, бірақ, Головкинде мүмкіндік көбірек сияқты. Бәрі нокаут күткенімен, жекпе-жек 12 раунд болатын сияқты. Қалай болса да, әлі уақыт бар, сондықтан бәрі де өзгеріп кетуі мүмкін", - дейді Коннор.

Мұның алдында МакГрегор қазақстандық боксшының Альвареске қарсы жекпе-жегінің дайындығын көріп, Головкиннің физикалық жағдайы өте нашар екенін айтқан.

Өз кезегінде Головкин ирландиялық файтерді Мейвезермен жекпе-жекке шығатыны үшін сынға алып, мұны спорт емес, шоу деп атаған болатын.

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай